Ресейдегі мобилизацияға қарсы болған әнші өз-өзіне қол жұмсады
Ресейде мобилизацияға қарсы болған Walkie деген лақап атпен танымал әнші Иван Петунин өз-өзіне қол жұмсады. Ол өзінің адам өлтіруге дайын еместігін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Соғыс пен мобилизацияға қарсы болған өнерпаз суицид жасар алдында видеоүндеу қалдырып кеткен. Өзінің айтуынша, Украинада 7 ай бұрын басталған соғыс оған қатты әсер етіпті. Ол жан-тәнімен пацифист болған және қолына қару алғысы келмеген.
"Мен денсаулығыма байланысты әскерге шақырылмауым керек. Дегенмен әскери комиссариаттағылардың бұған көңіл аударатынына сенбеймін. Қазір басталған ішінара мобилизация мұнымен тоқтамайды. Әлі бәріне шақырту келеді", — депті соңғы сөзінде әнші.
Рэпер сонымен бірге қызына мәтіндік хабарлама жіберіп, өзін есінде сақтауға және оның әрқашан ар-ұжданымен өмір сүргенін ұмытпауын айтты.
Иван Петунин 27 жаста еді. Қайтыс болардан жарты күн бұрын ол өзінің "Walk out boy 3" атты жаңа альбомын шығарған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар