Ресейде жасөспірімдерді вакцинациялау басталмақ
Ресейде жасөспірімдерге коронавирустық вакцинация 20 қыркүйекке дейін басталады. Бұл туралы Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, мұндай шешім балалар арасында аурудың күрделене түсу жағдайының жиілеуіне байланысты қабылданған.
Айта кетейік, қәзір Мәскеуде жасөспірімдерге "Sputnik V" вакцинасын қолдану туралы зерттеу жүргізіліп жатыр. Оған жүзге жуық бала қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында 12 жастан бастап балаларға Pfizer және BioNTech вакциналарын қолдануға рұқсат етілген болатын. 1 маусымның өзінен Италия мен Румынияда жасөспірімдерді иммундау басталды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар