"Баласына вакцина салдырудан бас тартқан ата-аналар жазаланады": Ақпарат қазақстандықтарды шошытты
Әлеуметтік желіде Қазақстанда ата-аналардың балаларын вакцинациялаудан бас тартуы балаларға қатысты зорлық-зомбылық ретінде бағаланады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Бұл тұжырымдарды ҚР денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
Видеода әйел қазір дәрігерлерді оқыту жүріп жатқанын айтады. Дәрігерлер полицияға өз балаларын вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналарға қатысты өтініш беру жолдарын үйреніп жатқаны айтылған.
“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Балаларға жасалатын барлық медициналық процедуралар тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі”, – деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазнетте осыған ұқсас фейк тараған болатын, онда Қазақстанда балаларды тек COVID-19-ға ғана емес, сондай-ақ басқа да ауруларға қарсы вакцинациялаудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыратыны айтылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”