Ресейде соғысқа жұмылдырылған жігіт Украинаға бармау үшін аяғын атқан
Новосибирскте жоғары әскери училищеде соғысқа жұмылдырылған жігіт Украинаға бармау үшін аяғын атқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Сибирь.Реалии” сайтына сүйеніп.

Бұл жаңалықты журналистерге зардап шеккен жігіттің қызметтестері айтқан.
“Онымен бір палатканы бөліскен адамның сөзіне сенсек, әскерилер жігітті үйге кіріп бара жатқан жерінде ұстап алған, ол соғысқа барғысы келмеген, бірақ әскери комиссариаттан құтыла алмады. Сөйтіп, проблемасын осылай шешпек болады. Жұмылдырылғандар соғысқа кеткен жерлестердің Украинада не көргенін ғана айтатын. Осындай әңгімелер де оның бұл шешіміне әсер еткен болуы мүмкін”, – дейді аяғын жаралаған жігіттің қызметтесі.
Әзірге органдағылар оқиғаға қатысты пікір берген жоқ. Басылымға сенсек, оқ атқан жігіт қазір ауруханада.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”