Ресейде қалып қойған қазақстандықтар шілдеде елге қайта алады
"Эйр Астана" Ресейден Қазақстанға оралғысы келетін қазақстандықтар үшін Мәскеуден чартерлік рейс жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Рейс Домодедово әуежайынан Нұр-Сұлтанға немесе Алматыға бағытталған 2020 жылдың 7 және 11 шілде аралығында ұйымдастырылады. Билеттер бағасы бір жаққа - Нұр-Сұлтанға 250 доллардан (шамамен 100 мың теңге) және Алматыға 300 доллардан (шамамен 120 мың теңге) басталады", - делінген хабарламада.
Қазақстанға оралғысы келетіндер арнайы форманы толтыруы керек. Компания өтінімді алған соң 72 сағатта жауап береді.
Сонымен бірге +7 (495) 287 70 08/09 телефонына хабарласуға болады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі