Ресейде украиналық тұтқындарды айырбастау үшін алып бара жатқан ұшақ құлады: Бортта 70-тен астам адам болған
Ил-76 әскери ұшағы жоспарлы ұшу кезінде Белгород маңында апатқа ұшырады. Мұндай деректі журналистерге Ресей Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Қорғаныс ведомствосының сөзінше, ұшақ бортында алты экипаж мүшесі мен Украина Қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 сарбазы мен оларды алып жүрушілер болған. Олар тұтқын алмасу үшін ұшып бара жатқан.
Қазіргі уақытта төтенше жағдай болған орынға әуе-ғарыштық күштер комиссиясы жіберілді. Министрлік әзірге басқа ақпарат таратпады.
Апат туралы ақпарат 24 қаңтарда тараған. Оқиға Корочанск ауданында болды. Белгород губернаторы Вячеслав Гладков өз кезегінде Корочанск ауданына аттанғанын жеткізді. Сонымен қатар апат орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатқанын айтты.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар