Ресейде 18 жасар бойжеткен 13 жасар баланы жыныстық қатынасқа тартқаны үшін сотталды
2 қыркүйек күні Пермь қаласының Мотовилихин аудандық соты 18 жасар бойжеткенге қатысты үкім оқыды. Қызға 13 жасар баланы жыныстық қатынасқа тартып, азғырды деген айып тағылған. Қорғаушылар оқиғада қыз бен баланың арасындағы қатынас келісім бойынша, бір-біріне сезім білдіргеннен кейін жүзеге асырылғанын дәлелдеуге тырысқан. Дегенмен сот қызды үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім оқыды.

Бұл туралы nz1.ru басылымы жазды.
Бұл жағдай бойынша полицияға шағымды баланың әкесі жазған. Бойжеткен барлық болған оқиғаны мойындап, тергеу жұмыстарына еш кедергі келтірмеген.Осыған қарап жұрт сот айтарлықтай жеңіл жаза тағайындайды деп күткен. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Айыпты 10 күннің ішінде қайта шығым түсіруі мүмкін.

“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"