Ресейде 17 жезөкшені өлтірді деген күдікпен 51 жастағы азамат ұсталды
Ресейдің Новосибирск қаласында 17 жезөкшені өлтірді деп күдіктелген 51 жастағы ер адам құрықталды. Егер сот оны кінәлі деп тапса, оған өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалады.

Сурет: svopi.ru
Тергеу жұмыстары күдікті ер адам жайлы өзге ешқандай ақпарат жариялаған жоқ. Қылмысты ашуға 10 жыл уақыт кеткен. Осы уақытқа дейін тергеушілер ер адамға қатысты генетикалық материалдар жинаған.
Нәтижесінде 5 мың материалдың ішіндегі біреуі қылмыстық іс бойынша дәлелді заттар негізінде жасалған үлгімен сәйкес келген.
Қылмыстық іс 1998-2006 жылдар аралығында болған. Тергеушілердің мәліметінше, ер адам жезөкшелердің қызметін пайдаланып, соңында оларды өлтіріп, денесін бөлшектеген. Дененің өлшектерін қала ішінде тастап отырған.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"