Ресей және Беларусьтің деректер базасында қазақстандық шенеуніктердің жеке деректері жарияланып кеткен
Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ресей мен Беларусьтің мемлекеттік лауазымды тұлғаларының ашық деректер базасын тексереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов палатаның жалпы отырысы кезінде шенеуніктердің жеке деректері интернетте қолжетімді болғанына шағымданды.
Айтуынша, rupep.org сайтында оның ЖСН-ы және отбасы туралы ақпарат жарияланған. Ол бұл деректер алаяқтардың қолына түсе ме деп алаңдаулы.
Вице-министр Әсет Тұрысов бұл сайтты тексеретініне уәде берді.
"Бұл сайтты тексеруге дайынбыз. Тексерулер жүргізуге мүмкіндік беретін тиісті ережелер бар", – деді ол.
Аталмыш интернет ресурста қазақстандық шенеуніктердің, Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылығы, депутаттар мен бизнесмендердің туған күні мен жері, тіпті кейбірінің ЖСН-ы туралы деректер бар.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген