Ресей Украинадағы жағдайды бейбіт шешуге дайын – Путин
Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Мүше елдердің, бақылаушылар мен диалог серіктестерінің президенттері дөңгелек үстелге жиналды. Өз кезегінде Владимир Путин Ресей Украинадағы жағдайды бейбіт шешуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
"Ресей әрқашан Украинадағы жағдайды бейбіт, саяси және дипломатиялық жолмен шешуді жақтады және жақтайды, бұл дағдарыс АҚШ пен оның серіктестерінің саясатының нәтижесінде пайда болды," – деп мәлімдеді Путин.
Путин Ресей Федерациясының жоспары "Киев пен батыс мемлекеттерінің келісімі болса, дереу соғыс қимылдарын тоқтатып, келіссөздерді бастауға мүмкіндік беру" деді.
Ресей президенті бұрын алға тартқан келіссөздердің шарттарының бірі — украин әскерлерін "ДХР", "ЛХР", Херсон және Запорожье облыстарының аумағынан толық шығару. Сондай-ақ Киевтің НАТО қатарына кіру ниетінен бас тартуы.
Путин Астанадағы ШЫҰ саммитінде сөйлеген сөзінде Газа секторындағы соғыс туралы айтып, АҚШ-ты сынға алған еді.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді