AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей соғыста енді жеңе алмайды – Зеленский

"Ресей соғыста енді жеңе алмайды". Украина президенті Владимир Зеленский кезекті түнгі жолдауында осылай деп мәлімдеді. Ол украин халқы өз жерінде ресейлік сарбаздардың талтаңдап жүргеніне еш төзе алмайды деді. Зеленский соғыстың әрбір  күні жеңістен кейінгі бейбіт өмірдің бір жылына татитынын жеткізді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

"Мейлі, Ресей бүкіл еркін әлемге қарсы тұрып, өз елін дамытуға жұмсалуға тиіс бүкіл ресурсын халқының аузынан жырып, соғысқа, көрші елдегі адамдардың өмірін жоюға шығындасын. Бірақ тарихтың тәлімі басқаша. Қанша жерден мыңжылдық Рейх құрамын деп талпынсаң да, түбінде бәрібір құрисың. Ескі империяны жаңғыртамын деп қанша жерден тыраштансаң да, өзің құрдымға кетесің. Украиналықтарға қарсы тұрам десең, бәрібір жеңіліс табасың. Қаһарман қарсылығымыздың үшінші айына аяқ бастық", – деді Владимир Зеленский.

Ал Кремльдің пікірінше, "Киев келіссөздерге шынайы кірісіп отырған жоқ". 

"Украинадағы қақтығыс келісімге келумен аяқталады, бірақ бейбіт мәміленің мазмұны бәрібір әскери жағдайға байланысты.



БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық тұрақты бес мүшесі ядролық соғысқа жол бермеу туралы мәлімдемеге қол қойған. Сондықтан бұл біздің де принципті позициямыз. Қазір “көңілділер мен тапқырлар” ойыны жүріп жатыр. Украина келіссөздер жүргізген болады, бірақ Киевтің келісімге келуге шын ниеті жоқ. Украина демократияның алдамшы көрінісін ғана көрсетіп қояды. Әрине, әскери күш қолданылатын кез келген жағдай бітіммен аяқталады, бірақ бұл келісімнің негізгі өлшемдері әскери іс-қимылдардың деңгейімен анықталады", –  деді Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жергілікті мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр