Ресей сыртқы істер министрлігі Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты пікір білдірді
Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындауға қатысты жағдайды нақтылауға кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Франциядағы Ресей елшілігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париж әуежайында қамауға алынғаннан кейін "жағдайды нақтылау үшін қажетті қадамдар жасады".
"Дуровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты Ресей Федерациясының Франциядағы елшілігі кәсіпкердің өкілдері мәлімдеме жасамағанына қарамастан жағдайды анықтап жатыр. Ресей азаматының жағдайын анықтау үшін дереу қажетті шарала қабылдады", - деп хабарлады елшілік өкілдері.
Мемлекеттік думаның вице-спикері Владислав Даванков Ресей СІМ басшысына Дуровты босату туралы өтініш білдірген болатын.
"Оны тұтқындаудың саяси негізі болуы мүмкін және Telegram қолданушыларының жеке ақпаратына қол жеткізу құралы бола алады. Бұған жол беруге болмайды", - деді агенттік шенеунігі.
Алайда Ресей министрлігі Владислав Даванковтың үндеуі дипломаттардың жұмысына түрткі болмады деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, оқиғаға әртүрлі саясаткерлер мен атақты адамдар пікір білдірді. Мысалы, Х иесі Илон Маск АҚШ Конституциясына сөз бостандығына кепілдік беретін бірінші түзетуді "сенімді жарнама" деп атады.
Дуров ұсталғаннан кейін Telegram экожүйесінде қолданылатын Bitcoin (TOR) криптовалюта бағамы 14% төмендеді.
Дуров төрт елдің азаматы: Ресей, Франция, Сент-Китс және Невис федерциясы және БАӘ.
Еске салайық, Париждегі Ле-Бурже әуежайында "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров ұсталған болатын. Ол Әзірбайжаннан жеке бизнес-джетпен ұшып келгені туралы хабарланды.