Ресей Қазақстанға ұшу үшін енгізілген шектеулерді алып тастады
Ресей пандемияның салдарынан 8 елге ұшу үшін енгізілген шектеулерді алып тастады. Оның ішінде Қазақстаннан бөлек, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Иран бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Росавиацияға сілтеме жасап.
Шектеулер 2022 жылдың 9 наурызында алынып тасталды.
Рейстер билік өкілдерінің әуе қатынасы жөніндегі екіжақты келісімі мен әуе қатынасы жөніндегі жекелеген келісімдер аясында жүзеге асады. Дегенмен әуе компаниялары Ресей бас санитар дәрігерінің қаулысын сақтауы керек, деп хабарланды.
Айта кетейік, Ресей 2020 жылдың 27 наурызында пандемияның салдарынан өзге елдерге тұрақты және чартерлік қатынастарды тоқтатты. Тек жүк, пошталық, санитарлық және гуманитарлық рейстерге рұқсат етілді. 2020 жылдың тамызынан бастап Мәскеу біртіндеп әуе қатынасын жаңғырта бастады, деп хабарлады РИА Новости.
Айта кетейік, бүгін, 11 наурыз күні Air Astana компаниясы Ресейге барлық рейстерді тоқтататынын мәлімдеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған