AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Ресейге барлық рейстерін тоқтатты

Қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушысы Ресейге рейстер толығымен тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат  агенттігі. 

Екі күн бұрын әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстерді орындай беретінін мәлімдеген еді. Ал Ресейдің басқа қалаларына "өндірістік себептерге" байланысты ұшпайтынын айтты.

"Өкінішке қарай Air Astana Ресей Федерациясына және оның аумағы үстінен коммерциялық ұшулардың сақтандыру өтемінің тоқтатылуына байланысты бұл бағыттағы барлық рейс тоқтатылатынын хабарлайды", – делінген хабарламада.

Әуе компаниясы рейстерді тез арада жандандыру үшін бұл мәселені Қазақстан үкіметімен бірлесіп шешіп жатыр.

Компания тоқтатылған рейстерге билет алып қойған жолаушылардан оны сатып алған жерге жүгінуді өтінді. Билет ақшасы толық көлемде қайтарылады.

Әуе компаниясымен мына нөмірлер арқылы байланысуға болады:

+7 727 244 4477 (08.00 - 00.00)

+7 7172 584477 (08.00 - 00.00)

+7 702 702 4477 (08.00 - 00.00)

WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 - 20.00)

Online chat: airastana.com (24/7)

help.airastana.com

Ресейдегі байланыс нөмірлері:

Тел.:+7 (495) 287 70 08/09

Тел .: +7 (495) 363-50-40

Ұялы тел.: +7 985 232 04 36.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр