AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстандағы электр қуаты тапшылығы мәселелесін шешуге көмектеседі

Қазақстанда майнингтік фермалардың көбеюіне байланысты электр қуатының тапшылығы туындауы мүмкін. Осы себепті Ресейлік "Интер РАО" компаниясы қарашадан бастап елімізге электр қуатын коммерциялық негізде тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап. 

энергия

Тәулігіне 400 мегаватт тасымалданады деп күтіледі. Әзірге Қазақстан Ресейден келетін электр қуаты ағымын ескертусіз көбейткен. Бұл электр қуатын біршама төмен бағада сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда басылымның жазуынша, мұндай тасымалдар Ресей үшін тиімсіз болып табылады. Себебі қуат жүйесіне ауыртпалық түскендіктен, тиімсіз электр станцияларды қосуға тура келеді. 

Деректерге сәйкес, қарашада еліміздегі электр энергиясының жетіспеушілігі 600 мегаватқа тең болуы мүмкін. Қазақстанда майнерлер саны бірден артқан. Ал электр жүйесі мұндай сұранысқа дайын болмады дейді мамандар. 

Қазақстандағы электр қуаты тапшылығын шешу үшін ресейлік тасымалдаушылармен келісім жасаған өзге де компаниялар көмектесе алады. 

"Интер РАО" 15 қазаннан бастап Эстония және Латвияға тасымалданатын электр қуаты мөлшерін 38%-ға көбейткен екен. 

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары майнерлер үшін электр энергиясының бағасын көтеруді ұсынған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр