Ресейде орыс тілі мемлекеттік тіл болып саналмайтын елдерден келген мигранттардың жұмыс істеуіне тыйым салу ұсынылды
Ресей депутаттары орыс тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі жоқ елдерден келген мигранттарға Ресей аумағында қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейдің мемлекеттік дума төрағасының орынбасары Петр Толстой посткеңестік республикалардың ағылшын тілін белсенді түрде үйреніп жатқанына, сонымен қатар "орыс тілін өз ұлттық тілімен ығыстыруға тырысып жатқанына" шағымданды.
Толстойдың айтуынша, Ресей бұған қарсы шаралармен жауап беруі керек.
"Егер орыс тілі сіздің мемлекеттік тіліңіз болмаса, кешіріңіз, бұл елдердің азаматтары қоғамдық орындарда жүргізуші, сатушы, курьер болып жұмыс істемеуі керек", – деді ресейлік шенеунік.
Ресейден басқа орыс тілі тек Беларусьте ғана ресми тіл болып табылады. Қазақстан мен Қырғызстанда орыс тілі мемлекеттік органдарда ресми тілмен тең дәрежеде қолданылады, Тәжікстанда ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”