Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей 4 жыл бойы Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысудан шеттетілді

WADA басшылығы Ресейдің антидопинг агенттігін допингке қарсы кодекске сәйкес емес деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей 4 жыл бойы Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысудан шеттетілді

Ресей келесі төрт жыл ішінде ірі халықаралық турнирлерге, соның ішінде Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатыса алмайды. Мұндай шешімді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) атқарушы комитеті қабылдады.

«Сәйкестік жөніндегі комитеттің ұсынысы бірауыздан мақұлданды», - делінген хабарламада.

Шешімнен келесі төрт жыл ішінде ел әлем чемпионаттарын қабылдай алмайтындығы және оны өткізуге өтініш бере алмайтындығы, ал спортшылар елінің туы астында бәсекеге түсе алмайтындығы айтылады. Алдағы Олимпиадада ресейлік спортшылар бейтарап ту астында және әнұрансыз өнер көрсете алады. Сонымен қатар, Ресейдің мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ Ресей Федерациясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттерінің басшылығына халықаралық спорттық шараларға қатысуға тыйым салынды.

Сонымен қатар, WADA басшылығы Ресейдің антидопинг агенттігін допингке қарсы кодекске сәйкес емес деп таныды.

Бұған дейін дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) сәйкестік комитеті атқарушы комитетке Ресейді алдағы төрт жылға бәсекелестіктен шеттетуді ұсынғаны туралы хабарланған болатын. Осылайша, Ресей Федерациясы келесі екі Олимпиаданы өткізіп жіберуі мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитеті Ресейге қарсы қатаң санкцияларды қолдайтындықтарын айтты.

Талқылау