Рэпер Shiza туды қорлағаны үшін шымкенттіктерден кешірім сұрады
Shiza лақап атымен танымал әнші Асхат Жолшиев Шымкент тұрғындары мен қонақтарынан кешірім сұрады. Орындаушы Алматыда өткен "Ирина Кайратовна" тобының ән кешінде мемлекеттік туды қолына орап, қорлаған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Рэпер Шымкентте қала күніне орай Әл-Фараби алаңында өнер көрсетті, деп хабарлады OTYRAR.
Ол көпшіліктің алдында Алматыдағы әрекеті үшін кешірім сұрады.
"Кімнің басынан өтпейді? Сіздерге қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, Шымкент. Барлығы қателеседі, барлығымыз адамбыз. Кешіріңіздер", – деді әнші.
Бұдан кейін экраннан тудың суреті көрсетіліп, мыңдаған шымкенттік "Желбіретіп көк туды" әнін Асхат Жолшиевпен бірге орындады. Рэпер өз альбомынан екі трек айтты.
Елдің қошеметіне қарағанда, шымкенттіктер әртісті кешірген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"