Рекордтар кітабына енді: Елордалық аспаз ең ұзын хот-дог пісірді
Нұр-Сұлтанда үлкен хот-дог дайындалды. Оның ұзындығы 30 метрден асады. Дәлірек айтқанда - 31 метр 48 сантиметр. Тағам бірден Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Аспаз Александр Плотников пісірген хот-дог әлемдік рекордты да жаңартты. Осыған сай аспазға арнайы сертификат табысталды.
Аспаздың сөзінше алып асты дайындауға 5 күн кеткен. Шамамен 22 келі ұн, 16 келі ет жұмсаған. Әрі барлығын қолдан әзірлеген.
Қазақстан рекордтар кітабының өкілі, бұған дейін де ел ішінде алып хот-дог пісірілгенін айтты. Ол кезде оның ұзындығы 12 метр болыпты. Ал бұл жолы одан екі есе артығымен дайындалғандықтан, рекорд жаңартылып отыр.
"Басқа елдерде де орнатылған. Ең ірісі қателеспесем 22 метр болған, бұған дейін. Яғни биылғы жылы ешқандай өзгеріс болмаса, мұны әлемдік рекорд деп қарауға да болады", - деді Қазақстан Рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"