"Рекорд жаңартқым келеді": Аша Матайдың жеңгесі жас жігітке тұрмысқа шықпақ
Әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/jarkynaixanaiym
Айдар Асқарбекпен алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Жарқынай оқырмандардың ерекше сауалдарына жұмбақтап жауап беріп, қызықтырып қойды.
“Тұрмысқа шығатын ойыңыз бар ма? Ол ер азамат қандай болу керек?” деген сұраққа өнер иесі: “Өткен және болашақ жайлы әңгіме айтқым келмейді. Бұйырғаны болады. Кім керек екенін білмеймін әлі. Бірге тамашалайық. Өмірім сериалдан да қызық”, – деп жауап берді.
Бүгінде жасы кіші жігітке тұрмысқа шығу сәнге айналғандай. Актриса да өзінің қалыс қалғысы келмейтінін жеткізді.
“1997 жылғы жігітке тұрмысқа шығасыз ба?” деген оқырман сұрағы да жауапсыз қалмады.
“Рекорд жаңартқым келеді. Сіз кәрі екенсіз, ренжімеңіз”, – деді өнер иесі.

"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге