"Райымбекұлы немесе Райымбекқызы": Ерке Есмахан жүкті кезіндегі тағы бір суретімен жұртты қызықтырып қойды
Жақында сәбилі болатынын айтқан жұлдызды жұп Райым мен Ерке әлеуметтік желіде жаңа түскен суреттерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/erke_esmahan
Әнші өзін құттықтап жатқан оқырманға алғысын айтып, сүйінші сұрайтын күнді асыға күтіп жүргенін айтты.
“Райымбекұлы немесе Райымбекқызы деп сүйінші сұрайтын күнге Алла аман-есен жеткізсін. Барлық құттықтау, тілектеріңізге рахмет. Тіл-көзден сақтай көр”, – деп жазды Ерке Есмахан.
Жұлдызды жұптың суреттері желі қолданушыларын сүйсіндірді.
“Жүктілік сондай жарасады”, “Аман-есен қолыңызға алыңыз”, “Райым керемет әке болады”, “Еркедей сұлу, өнерлі келіншегі бар Раймның арманы жоқ шығар”, “Ұлды болатын сияқты”, “Шын жүрегіммен қуаныштымын”, “ Ұл болсын, қыз болсын аман-сау босанып алуыңа тілектеспіз”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған