Рамзан Қадыровтың ұлы тағы бір медальмен марапатталды

Фото: Рамзан Кадыровтың Telegram арнасы
Шешен Республикасы басшысының көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Адам Қадыров Ахмат Қадыров атындағы “Север” арнайы моторландырылған полкінің 20 жылдығына орай естелік медальмен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Марапат Адам Кадыровқа Грозный қаласында арнайы полктің құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік шара аясында табысталды.
“Медаль аймақ басшысы әкесінің еңбегін мойындау және оны еске алу белгісі ретінде берілген”, – деп жазды БАҚ.
2023 жылдың қарашасында, Адам Кадыров небәрі 15 жаста болғанда әкесінің қауіпсіздік қызметінің басшысы болып тағайындалды. Кейін ол аймақ басшысының ең жас қауіпсіздік қызметі жетекшісі ретінде Ресейдің рекордтар кітабына енді.
2025 жылдың сәуір айының басында ол Ресей Ішкі істер министрлігінің Шешенстан бойынша басқармасының кураторы болып тағайындалды. Кейінірек тағы бір жоғары лауазымға ие болып, республика Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.
18 жасқа дейін Адам Қадыров Шешенстанның ең жоғары марапаты — Қадыров орденін, "Шешенстан Батыры" медалін, Қарашай-Шеркесия мен Кабардино-Балкария алдындағы еңбегі үшін ордендерді, Татарстанның маңызы бойынша екінші ордені саналатын "Дуслык" орденін, "Шешен Республикасының қорғаушысы" медалін және басқа да марапаттарды алып үлгерген.
Сонымен қатар оған Грозный қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
2025 жылдың соңында Адам Кадыров "Шешен Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Қадыровты еске алу" медалімен марапатталды.
Бұған дейін Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын елдің вице-премьері етіп тағайындаған еді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Оқыңыз