Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауылдық жерлерде көбірек": Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің қай өңірлерде көп екені анықталды

жасөспірім екінші рет жүкті

Фото: ЖИ

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейіп жатыр. Ең жоғары көрсеткіштер елдің оңтүстігі мен батысында байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеулерге сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда 15-19 жастағы қыздар арасындағы орташа туу көрсеткіші – 1000 қызға шаққанда 12,96.

Дегенмен, қалалық және ауылдық жерлер арасында айтарлықтай айырмашылық бар:

  • қалаларда 1000 қызға шаққанда 10,4,
  • ауылдық жерлерде 16,63.

2025 жылы 15-19 жас аралығындағы ең жоғары туу көрсеткіштері мына жерлерде тіркелді:

  • Жамбыл облысы – 19,67,
  • Маңғыстау облысы – 18,87,
  • Түркістан облысы – 18,51.

Талдаушылар аймақтағы жалпы туу көрсеткішінің жоғары болуы әрқашан жасөспірімдер арасындағы туу санының көп болуын білдірмейтінін атап көрсетеді. Мысалы Қызылорда облысында елдегі жалпы туу көрсеткіштері өте жоғары.

"15 жастан 49 жасқа дейінгі жас тобы үшін бұл 1000 әйелге 90,75-ден, ал әйелдің бүкіл репродуктивті өмірінде туған балалардың орташа саны – 3,43", – делінген талдауда.

Дегенмен жасөспірімдерінің арасындағы туу көрсеткіші орташа деңгейден төмен – 12,24.

"Бұл аймақта негізінен жасөспірім қыздар емес, егде жастағы әйелдер босанады", – деп атап өтті зерттеу авторлары.

Мұнда босанғандардың басым бөлігі 25 пен 34 жас аралығында, ал Түркістан аймағында бұл көрсеткіш жас топтарға – 20 мен 29 жас аралығында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын төмен және орташа табысты елдерде 21 миллионнан астам жасөспірім қыз жүкті болады, және бұл жүктіліктің шамамен жартысы жоспарланбаған.

Сарапшылар жүктілік кезіндегі асқынулар 15-19 жас аралығындағы қыздардың өлімінің негізгі себептерінің бірі болып қала беретінін атап өтеді.

Бұған дейін Ақтөбе облысында 10-сынып оқушысы жүкті болып, қылмыстық іс қозғалғаны жазылды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Сәуір, 2026 08:08