Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік депутаттың беташарға 4 миллион теңге берген видеосы қызу талқыға түсті

беташарға 4 млн берген депутат

Ақтөбелік депутаттың беташарда 4 миллион теңгедей ақша берген видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үйлену тойына қомақты қаржы берген адамның жергілікті мәслихат депутаты және кәсіпкер Аслан Қайырғалиев екені белгілі болды.

Аслан Қайырғалиев – бөлшек сауда кәсіпкері және қалалық мәслихат депутаты. Ол “Анвар” желісін басқарады.

Бұған дейін ол Анвар бөлшек сауда желісінің директорының орынбасары ретінде облыстық әкімдікпен 2026 жыл бойы әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасын шектеу туралы меморандумға қол қойған. Бағаны шектеу үшін бөлшек саудагерлер көбіне "айналмалы есік схемалары" арқылы жеңілдікпен қаржыландыруды және тұрақтандыру қорларынан өнімдерді сатып алуға басымдық құқығын алады.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Сәуір, 2026 09:20