Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа мереке пайда болды

Тоқаев тазы күні

Фото: Ақорда

Үкімет жаңа мерекені бекітті. Енді елімізде жыл сайын 3 қыркүйекте Қазақтың тазысы және төбет күні аталып өтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мереке күндері тізіміне тиісті өзгерістер үкіметтің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №278 қаулысымен енгізілді. Құжат 2026 жылғы 28 сәуірде күшіне енеді.

Жаңа мереке Қазақстан үшін маңызды мәдени және тарихи маңызы бар ұлттық ит тұқымдары – тазы және төбетке арналған.

Үкімет мерекенің енгізілуі дәстүрлі мұраны сақтау және насихаттауға бағытталғанын атап өтеді.

Еске салсақ, Қазақстанда бұралқы иттер ұсталған соң бес күннен кейін эвтаназия жасалатыны туралы хабарлаған едік. Жануарларды баспанада ұстау мерзімі шектеледі: қаңғыбас жануарлар – 5 күнге дейін, ал үй жануарлары – 60 күнге дейін. Осы уақыт ішінде иесі табылмаса, эвтаназия жасауға рұқсат берілуі мүмкін.

“Заң жобасы аясында эмоциялық манипуляция жасалып жатыр. Ұсынылып отырған түзетулер барлық жануарды автоматты түрде құртуды білдіреді деген пікір дұрыс емес”, – деді депутат.

Құжатта жануарларды ұстаудың міндетті мерзімдері енгізіледі.

“Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстаудың ең төменгі мерзімі – кемінде 5 күн. Ал мәслихаттарға бұл мерзімді ұлғайту құқығы беріледі”, – деді ол.

Депутаттың сөзінше, иесі болуы мүмкін жануарларды ұстауға ұзағырақ мерзім қарастырылған.

“Мұндай жануарлар үшін ұстау мерзімі 60 күнге дейін белгіленеді”, – деді депутат.

Жаңбыршин заң жобасы автоматты түрде құртуды қарастырмайтынын айтты. Оның айтуынша, ұстау мерзімі ұзартылған жағдайда жануарлар:

  • жаңа иелеріне берілуі;
  • панажайларда қалдырылуы;
  • ұзақ уақыт бойы күтімде болуы мүмкін.

Депутаттың пікірінше, жануарлар мүмкіндік болса табиғи өлімге дейін ұсталады.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 20 Сәуір, 2026 10:58