Аю болып киінген бір топ ер адам сақтандыру ақысын алу үшін премиум санаттағы үш көлікті әдейі бүлдірген

Калифорния штатында үш ер адам премиум санаттағы көліктерге аюдың шабуыл жасағандай етіп көрсеткен. Осылайша, сақтандыру алу үшін алаяқтық жасауға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Оқиға жабайы аюлар мекендейтін Лейк-Эрроухед ауданында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылдың қаңтар айында сақтандыру компаниясына Rolls-Royce Ghost автокөлігінің зақымдалғаны туралы арыз түскен. Арызбен бірге аюдың көлікке шабуыл жасағаны көрсетілген бейнежазба да берілді.
Сол күні дәл осылай тағы екі көлік, Mercedes-Benz G63 AMG және Mercedes-Benz E350 көліктерінің зақымдалғаны туралы хабарлама түсті.
Алайда тергеу барысында бұл жағдайда сәйкессіздіктер бары тез анықталған. Сарапшылар видеода нақты аю емес, жануар болып киген адам болғанын дәлелдеді. Осыдан кейін тергеушілер "Аю тырнағы" деген кодтық атаумен операция бастады.
Фото: California Department of Insurance
Тінту кезінде күдіктілерден оқиғаныаюдың шабуылындай етіп көрсету үшін қолданған костюм тәркіленді. Сақтандыру органдары алаяқтық фактісін растады.
Тергеу деректеріне сәйкес, жалпы шығын шамамен 141 839 доллар, яғни 66 726 739 теңге болды. Айыпталушылар сақтандыру алу үшін алаяқтық жасағанын мойындап, сот үкімі бойынша 180 күн түрме жазасына және 2 жылға шартты жазаға тартылды.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)