Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 12 есе көп пайызбен қарыз берген

Видеодан скриншот
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ломбард қызметі саласындағы заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу амалдарына сай, күдікті 2020–2025 жылдар аралығында халыққа тұрмыстық техниканы (ұялы телефондар, теледидарлар, ойын приставкалары, фотоаппараттар және т.б.) кепілге алып, қарыз берген. Алайда оның ломбард қызметін жүзеге асыруға міндетті лицензиясы болмаған.
Уәкілетті органдар тарапынан бақылаудан жалтару үшін заңсыз қызмет комиссиондық дүкендері ретінде жасырынған.
Қаржыға мұқтаж азаматтардың жағдайын пайдалана отырып, ол тәулігіне 3,7%-ға дейін жететін жоғары пайыздық мөлшерлемелер белгілеген. Бұл заңмен белгіленген 0,3% шектен 12 есе жоғары.
ОқыңызМәселен, бір клиент 257 000 теңге көлемінде 10 күнге қарыз рәсімдеп, комиссия шарты бойынша 51 400 теңге (тәулігіне 2%) сыйақы төлеуге мәжбүр болған. Ал заң бойынша бұл сома 7 710 теңгеден аспауы тиіс еді (0,3%).
“Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 93 миллион теңгеден асқан. Сот санкциясымен күдіктінің 3 автокөлігі мен пәтеріне тыйым салынды. Оған қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.
Алайда Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілген жоқ. Айта кетері, заңсыз қаржы ұйымдарына жүгіну мүлік пен қаражаттан айырылу қаупін арттырады.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)