Қазақстандық жүргізушілер арасында телефонға арналған қолшатырға сұраныс артты

Қазақстандық жүргізушілер арасында көлікте телефонға арналған қолшатырларға сұраныс артып тұр. Сатушылар бұл аксессуардың жүргізуші көлік басқару кезінде смартфон қолданғанын жасыруға көмектесетінін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде құны 990 теңге тұратын "телефонға арналған қолшатырдың” жарнамасы тарап жатыр. Тауардың негізгі мақсаты – телефонды күн сәулесінен қорғау және оның қызып кетуінің алдын алу.
“Мұндай аксессуар такси жүргізушілері сияқты көлік ішінде телефонды жиі қолданатын адамдарға ыңғайлы”, – дейді сатушылар.
Алайда жарнамада құрылғының басқа мақсатта да қолданылатыны айтылады.
"Жаңа заң бойынша рөлде телефон қолдануға тыйым салынған. Осындай жағдайда қолшатырды телефонға орнатып, көлік жүргізіп бара жатып ұялыны еркін қолдана беруге болады. Ешкім білмей қалады", — делінген видеода.
ОқыңызАйыппұлдан айналып өтудің амалын жасауға көмектесетін құрылғының дүкендерде түрлі түстегі модельдері сатылады.
Еске салайық, 12 наурыздан бастап камералар қолында телефон ұстаған және қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді тіркейтінін жазған едік.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)