Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылды: 9-сынып оқушысы күдікті ретінде ұсталды

адамның мәйіті табылды, 9-сынып оқушысы ұсталды
Фото: сюжет кадрларынан скрин

Түркістан облысы, Леңгір қаласында қараусыз ғимараттан 22 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны өлтірді деген күдікпен 9-сыныпта оқитын қыз ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, 22 жастағы тұрғынның денесін түскі сағат екілерде қирандыға айналған ғимараттан тапқан. Бұл жерде тек аумағы үлкен зират бар. 

“Алдында осы жерде біреу өз-өзіне қол жұмсаған. Күйеуі мен әйелі ұрысып, күйеуі өзіне қол салды. Қорқып қалдық қой мына ғимарат бос ғимарат. Әркім келіп әр нәрсе істеп кетеді. Әйтеуір біреу айтты орыс бала қаза тауыпты деп”, деді тұрғыны.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм Шымкент қаласының тұрғыны. Ал оны өлтірді деген күдікпен 9-сыныпта оқитын қыз ұсталған. Бойжеткеннің айдалада мұндай жауыздыққа бару себебі әзірге белгісіз. Ұстаздарының сөзінше, оқушының оқу үлгерімі орташа болған. Төлеби ауданындағы нөмірі он алтыншы білім ошағына музыкалық мектептен жуырда ғана ауысып келген екен. 

 “Бұл мәселе Төлеби аудандық білім бөлімі тарапынан бірден бақылауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға демалыс күні мектептен тыс аумақта орын алған. Қазіргі таңда тиісті құзырлы органдар тарапынан тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаға қатысты өзге ақпараттар тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты жария етілмейді”, – деді Төлеби ауданы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Полиция күдіктіні қамап, "адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тергеу барысында белгілі болмақ. 

Stan.kz
Сенбі, 30 Мамыр, 2026 17:22