Рамзан Қадыров 80-нен астам туысын басшылық лауазымдарға тағайындаған
Фото: tass.ru
Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 80-нен астам туысы жоғары лауазымдарда отырғаны белігіл болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Қадыров әр саладағы жоғары лауазымдарға әр түрлі әулет өкілдерін тағайындап отырған. Мәселен:
- Күштік құрылымдарда: Қадыровтар, Делимхановтар, Эдильгириевтер мен Дааевтар;
- Атқарушы билікте: Қадыровтар, Тумхаджиевтер, Ибрагимовтар, Висмурадовтар мен Байсұлтановтар басым;
- Заң шығару органдарында: Закриевтер, Геремеевтер мен Сакказовтар басымдыққа ие;
- Қаржы саласы мен бизнесте: Қадыровтар басым;
- Спорт саласында: Қадыровтар мен Айдамировтар басым.
Айта кету керек, басылым ұсынған кестеге сүйенсек, Қадыровтар әулеті аталған салалардың барлығында басшылық лауазымдарда өкілдері бар.
Фото: BBC
Ресми деректерге сәйкес, Рамзан Қадыровтың 14 баласы бар, олардың жетеуі әлі кәмелет жасқа толмаған. Ал алты ересек баласы биліктің әр түрлі салаларында белсенді қызмет атқарып келеді. Күйеубалалары да құралақан емес.
Рамзан Қадыровтың туған ұлдары да республикадағы лауазымды қызметтерді атқарады: Ахмат Қадыров (19 жаста) спорт министрі болса, Адам Қадыров (17 жаста) – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Әли Қадыров (18 жаста) – республиканың бокс федерациясының президенті болып тағайындалған.
Қадыровтың күйеубаласы Адам Алханов денсаулық сақтау министрі қызметін атқарса, оның жары, Қадыровтың қызы Хадижат Кадырова Шешенстан әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауызымына тағайындалған. Тағы екі күйеубаласы Рамзан Висмурадов жастар ісі жөніндегі министр, Висхан Мацуев вице-министр қызметтерін атқарады.
"Оларды, туыстарын басқару жеңілірек. Отбасылық байланыстар теориялық тұрғыдан жоғары деңгейдегі адалдықты қамтамасыз етеді, бұл Қадыровқа қарсы болуы мүмкін төңкерістердің алдын алуға мүмкіндік береді", – дейді Солтүстік Кавказ бойынша сарапшы Гарольд Чемберс.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
