Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлту Қабаева балалары үшін өнерді тастауға мәжбүр болғаны жайлы айтты

Дәстүрлі әншінің келіншегі Ұлту Қабаева балаларымен бірге отбасын құрғаннан кейін 10 жыл үйде отырған екен. Осы уақыт ішінде отағасының мамандықты ауыстыру туралы ұсынысына көнбей, көп жылдан кейін өнерге қайта оралған.

19120489_112621836009949_217162810730217472_n

Сурет: Рамазан Стамғазиевтің жеке парақшасынан

Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.

“Отбасын құратын кезде бізге қарсы келген ешкім болған жоқ. Өйткені, біз сол шешімді қабылдаған кезде, 10 жылдай үйде отырып, балаларды тәрбиелеп, сол балалар аяғынан нық тұрғанда ғана өнерге қайта оралдым. Оның үстіне өзім оңтүстіктің тәрбиесінен өткен қызбын. Балаларымыз өнер жолында емес. Дегенмен, қан арқылы берілген дарын бар. Ұлым да, қызым да ән айтады. Басында қызым өнерге қадам басты. Әкесі екеуіміз екі жақтап отырып “Қыз балаға өнерде жүру өте қиын” деп айтып отырдық. Содан ол бағытын өзгертіп, тіл маманы болып кетті. Дегенмен де, ол өнерден құр алақан емес”, – дейді ол.

Гәстрөлдік сапарға жиі шығатын әнші бала тәрбиесіне араласпағанын жасырмайды. Тіпті, 3-4 айлап үйге қонабаған кездері болған екен.

“Қазақтың қай баласына Астана немесе Алматыға барғанда үй-жай мен киетін киім дайын тұрды дейсіз? Үлкендердің өткен жолымен өттік. Бір рет қатты қиналған кезде “Ұлту, бәлкім сен мамандығыңды ауыстырып, балаларға қарап отыр. Мен 3-4 ай далада жүремін. Әлгі әнші мен малшы далада жүреді дейді ғой. Сен қаланың ішінде жүрерсің” деп айттым. Осыдан кейін екеуіміз ұзақ уақыт ойластық. Бірақ, Ұлту көнбей “Жоқ, Рамазан. Аш қалсақ та, ел қатарлы өмір сүрейік” деді. Содан кейін мамандығын ауыстыруға қатысты ешнәрсе айтқан емеспін. Балаларымыз өскеннен кейін қайта оқып, жоғары білім алды. Магистратурасын бітіріп алды. Оқу деген мәңгілік нәрсе ғой. Кейде журналистер “Неге Ұлту Қабаева сізбен бірге шықпаған?” деп сұрайды. Бұл кісі балаларды қарады. Керек десеңіз, балалардың үлкені мен болдым”, – дейді Рамазан Стамғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Ақан серінің ғашығының қолында қалған домбырасы табылып, музейге тапсырылды

Рамазан Стамғазиев: Бір-бірімізді көрмей кеткен күндеріміз болған. Бірақ махаббат жібермеді

Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Талқылау