Рамазан айында көкірегі ашық көйлек киген Сиви Махмуди елден ұрыс естіді
Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің тойына шалбар киіп келгені үшін сөз естісе, Сиви Махмуди қасиетті айда көкірегін ашқаны үшін сынға қалды. Актриса Гүлзира Айдарбекованың тойына кеудесі ашық көйлек киіп келген. Мұны көрген желі қолданушылары оны аяусыз сынға алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жеңіл жүрісті қыздардың көйлегін сұрап киіп алғансың ба?", "Өте ашық алды, керегі жоқ еді", "Оразада ашық киінуге болмайды", "Көйлегіңіз түк жараспайды", "Жалаңаш шыға салмаған екен, кеудесіп сонша ашып", - деп сынға алды желі қолданушылары.
Ал Сивидің өзі көйлекті ғаламтор арқылы тапсырыспен алдырғанын айтып ақталды.
"Мақтап та, ұрсып та жатқан жандарға рахмет. Біреу көйлегің әдемі екен, біреу алды ашығы екен, деді. Тапсырыспен бердім, суретте басқаша сияқты еді. Бірақ өзім қатты ашық емес, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өзіме қатты ұнады. Өте нәзік, әдемі көйлек", – деді Махмуди.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”