Raim жұбайы Ерке Есмаханның жаңа жобасына арнап ән жазды

Әнші Raim жұбайы Ерке Есмаханның алты ай бойы дайындаған жаңа жобасына арнайы ән жазып, оның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны әнші Ерке Есмаханның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі жарты жылға созылған ортақ жобаның екеуінің қарым-қатынасын бұрынғыдан да нығайтқанын айтты.
“Бұл жоба Райм екеуіміздің қарым-қатынасымызды бұрынғыдан да нығайтты. Алты айға созылған жобада пікіріміз тоғыспаған, кейде ұзақ ойланып, қайта шешім қабылдаған сәттеріміз болды. Бірақ осының бәрі бізді одан сайын жақындата түсті”, – деп жазды ол.
Еркенің айтуынша, күйеуі жобаның жүзеге асуы үшін уақытын да, күш-жігерін де, қаржысын да аямаған.
“Күйеуім мен үшін бәріне дайын екеніне тағы бір рет көзім жетті. Уақытын да, идеясын да, күшін де, қаржысын да аяған жоқ. Шынымды айтсам, бұл жобаның дүниеге келуіне ең үлкен себепкер де – өзі”, – деді әнші.
Сондай-ақ Ерке Есмахан Раймның өзіне айтқан ақылын да бөлісті.
“Ол маған “Сен халыққа жай ғана өнім емес, құндылық беруің керек. Сапалы, мағыналы, жылдар өтсе де өзектілігін жоғалтпайтын дүние жасауың керек” деді. Тіпті жобаға арнап ән жазды”, – деп жазды өнер иесі.
Әнші сөз соңында жақын арада жаңа жобасын көпшілікке таныстыратынын айтып, күйеуіне алғыс білдірді.
“Алла қаласа, жақында сіздерге де таныстырамыз. Барлығы үшін рақмет, сүйіктім”, – деп жазды
Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан жарты жыл бойы жасырған құпиясын ашқаны хабарланған еді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Оқыңыз