"Рахметін бердім": Алматыда ресейлік блогер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, видеосын желіге жүктеген
Алматыда полицейлер жол жүру ережесін бұзып, желідегі парақшасына бұл туралы видео жүктеген ресейлік блогерді жауапқа тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ресейлік блогер түсірген видео тарады. Мұнда ол жол жүру ережесін бұзып, көлігін рұқсат етілмеген жерге қалдырғанын және бұл үшін полицейлердің мемлекеттік нөмірін алып кеткенін айтқан. Сөзінше, кейін полицейлермен келісіп, "рахметін берген соң" нөмірін қайтарып алған.
Алматы полициясының мәліметінше, Ресей Федерациясының 21 жастағы азаматы жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылған.
Жергілік полиция қызметі блогерге келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттама толтырған:
- “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 601-бабы "Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегiтаңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау";
- “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 596-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу";
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 591-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы".
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"