Қыз әкесінің ақшасын алу үшін өз "ұрлануын" қолдан ұйымдастырған

Қытайда бойжеткен әкесінің ақшасын алу мақсатында өзін ұрлағандай етіп көрсетіп, Таиландқа қашып кетккен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Thethaiger.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Наурыз айының соңында қытайлық ер адам полицияға жүгініп, тек Тун есімімен белгілі қызын Камбоджада ұрлап кеткенін хабарлаған. Қылмыскерлер оны босату үшін ер адамнан 110 мың юань (7,7 миллион теңге) талап еткен. Ақшаны аударғаннан кейін қыздың басқа елде – Мьянмада екені белгілі болды. Кейін “ұрлаушылар” оны Таиландқа жеткізгендерін айтқан.
Қытайдың құқық қорғау органдары Таиланд корольдік полициясының Орталық тергеу бюросымен (CIB) байланысып, көмек сұраған. Тергеу барысында қыздың әкесіне жіберілген бейнежазбаның бәрі Бангкокта түсірілгені анықталған. Ақпаратқа сәйкес, Тун және тағы бірнеше қытай азаматы сол жерде қонақүйде тұрған, кейін жалдамалы үйге көшкен. 16 сәуірде ол жерге CIB агенттері барған.
Үйден Тун, оның 29 жастағы жігіті Ю және тағы төрт қытай азаматы табылды. Көп ұзамай Ю мен Тун достарымен бірге әкесінен ақша бопсалау үшін ұрлану көрінісін қолдан ұйымдастырғандарын мойындады. Сондай-ақ олардың достарының екеуі бұл жоспардан бейхабар болғаны белгілі болды.
ОқыңызҚазір алаяқтар Қытайға депортацияны күтіп отыр, онда олар сот алдында жауап береді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен