Қазақстандық ер адам шаруа қожалығына арналған жерді иттердің панажайына айналдырған

Жамбыл облысында сот жер учаскесін иттерге арналған панажайға айналдырған ер адамға қатысты істі қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс Байзақ аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша қаралды.
Анықталғандай Т. есімді азамат шаруа қожалығына арналған учаскені (0,53 га) тиісті ғимараттары бар иттерге арналған баспана ретінде пайдаланған
“Бұған дейін оған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген болатын, бірақ мұны орындамаған. Құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындап, бірақ бұл бұзушылықтарды жою үшін шаралар қолданылып жатқанын түсіндіріп, соттан оны жауапкершілікке тартпауды сұрады”, – делінген хабарламада.
Сот кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жай ретінде танып, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Нәтижесінде ер адамға 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады