Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирек кездесетін қар барысы "Алтын-Емелде" видеоға түсіп қалды

қар барысы видеоға түсті

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері сирек кездесетін қар барысын видеоға түсіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Алтын-Емел" өкілдерінің дерегіне сәйкес мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов кезекті аумақты бақылау кезінде қар барысын (ілбіс) видеоға түсіріп үлгерген.

“Бұл – сирек кездесетін әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң, оның табиғи ортада еркін жүріп-тұруы экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ бұл аталған дерек ұлттық парк аумағында жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау жұмыстарының нәтижесін айғақтайтынын жеткізді. 

Назархан Уән
Жексенбі, 19 Сәуір, 2026 17:28