Құрылтаймен аттас екі қазақстандық сайлауда дауыс берген
Алматыда Құрылтаймен аттас екі тұрғын өз таңдауын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрұлтай Сәткенбаев Бостандық ауданындағы № 294 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ал Әуезов ауданындағы № 1 мектеп-гимназияда орналасқан № 140 сайлау учаскесінде Құрылтай Мансұров Құрылтай депутаттарының сайлауында өзінің азаматтық позициясын білдірді.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар екенін мәлімдеген еді. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел.
Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген — 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.