Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

QazVac: Қазақстандық "QazCovid-In" вакцинасының атауы өзгертілді

Елімізде өндіріліп жатқан коронавирусқа қарсы вакцинаға жаңа атау берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"QazCovid-In-дегі "ин" сөзі инавтивті вакцина деген мағынаны білдіреді. Ол биологиялық қауіпсіздік институты әзірлеген вакциналардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, бұл вакцина қоғамда жеңіл қабылдануы үшін QazVac сауда атауын қолданамыз. Сондықтан да ендігі уақытта осы вакцина атауын жиі кездестіретін боласыздар", - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Одан бөлек, аталған баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, отандық ғалымдар әзірлеген QazCovid-in коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Зерттеу жұмыстарының алғашқы екі кезеңі 2020 жылдың қараша айында аяқталды. Оған 200-ден астам қазақстандық қатысты.

Талқылау