Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

Биыл шілде айында қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда 6 шілде – Астана күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Мемлекеттік мерекеге орай 2026 жылы қазақстандықтар қосымша демалыс алады. Өйткені мереке дүйсенбі күніне сәйкес келіп отыр.
Бес күн жұмыс істейтіндеаптасы бойынша:
- 4 шілде (сенбі) – демалыс күні;
- 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
- 6 шілде (дүйсенбі) – Астана күніне арналған мерекелік демалыс.
Осылайша, ел тұрғындары 4-6 шілде аралығында қатарынан үш күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:
- 4 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
- 5 шілде (жексенбі) – демалыс күні;
- 6 шілде (дүйсенбі) – мерекелік демалыс күні.
2026 жылдың шілде айында бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Ал алты күндік жұмыс аптасы бойынша қызмет ететіндер үшін 5 демалыс және 26 жұмыс күні болады.
ОқыңызДәстүр бойынша 6 шілдеде еліміздің барлық өңірінде Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді. Ең ауқымды бағдарламалар Астана қаласында ұйымдастырылады. Әдетте мереке аясында концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер және түрлі мәдени шаралар өткізіледі.
2026 жылы шілде айы еңбек демалысын алуға ең қолайлы айлардың бірі саналады. Себебі бұл айда 22 жұмыс күні бар, сондықтан жалақы мен демалыс ақысының арасындағы айырмашылық айтарлықтай болмайды.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр