Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда кэшбэк ала ма

КЬЮ АР кэш

Фото: magnific.com

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов “қазақстандықтар бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда сатып алған тауарлары үшін кэшбэк ала ма” деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, кэшбэк пен бонустарды есептеу – әр банктің өз стратегиясына байланысты. Ұлттық банк бұл саясатты реттемейді.

"Кейбір банктер шығындардың белгілі бір санаттарына жоғары кэшбэк ұсынады, енді бірі барлық төлем түріне бірдей бонус береді, ал кейбірі транзакция түріне қарай әртүрлі мөлшерде кэшбэк есептейді. Сондықтан әр банк өз стратегиясын таңдайды. Әр қаржы ұйымының кэшбэк пен адалдық бағдарламасы әртүрлі болады. Қазіргі мәліметіміз бойынша, кемінде үш банк бірыңғай QR арқылы төлем жасаған клиенттерге арналған арнайы адалдық бағдарламаларын іске қоспақ", – деді Бинұр Жәленов.

Оның сөзінше, алдағы уақытта басқа банктер де бұл бастамаға қосылып, бірыңғай QR-код арқылы жасалған төлемдер үшін бонус немесе кэшбэк ұсына алады. Техникалық тұрғыдан алғанда, банктердің мұндай мүмкіндігі бар.

Айым Болатқызы
Жұма, 17 Шілде, 2026 15:27