"Қашықтық бізді алыстатпайды": Айгүл Иманбаева жұбайымен неге бөлек тұратынын түсіндірді

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жұбайымен екі елде тұрып жатқанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі оқырмандарының бірінің сұрағына жауап беріп, арақашықтық олардың қарым-қатынасына кедергі емес екенін айтты.
Қазір Айгүл Иманбаева “Болашақ” бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алып жүр. Оның сөзінше, бұл жағдай уақытша және ол ел алдындағы міндетін орындап жатыр.
Актриса кейде адамдар бір шаңырақ астында тұрса да, бір-бірінен рухани алыстап кететінін айтты. Ал шынайы сезім мен өзара түсіністік болса, мыңдаған шақырым да екі адамды ажырата алмайды.
“Қашықтық бізді алыстатпайды. Өйткені бұл – бір-бірін шын түсінетін, шынайы қалайтын екі жүректің байланысы”, – деді Айгүл Иманбаева.
Өнер иесі қазіргі жағдайдың ұзаққа созылмайтынын және оқуын аяқтаған соң отбасының қайта қауышатынын аңғартты.
Еске салайық, бұған дейін танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның Алматыда жасалуға тиіс болған жоспарлы отасы кейінге шегерілгені хабарланған еді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Оқыңыз