Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кедейлікті толық еңсерді": Тоқаев Си Цзиньпинді мақтады

Тоқаев Си Цзиньпин
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Қытайдың даму стратегиясын айқындаған Си Цзиньпиннің көшбасшылық қасиеттеріне айрықша назар аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Си Төрағаны тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп есептейтінін айтты.

“Оның парасатты әрі орнықты басшылығымен Қытай елі осынау дүрбелеңге толы, болжаусыз әрі қақтығыстардан көз ашпаған әлемде жаңа табыстарға батыл қадам басып келеді. 2029 жылы қазан айында елдеріңіз Қытай Халық Республикасының құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді. Сексен жыл – бір адамның тұтас ғұмыры, ал Қытай оның жартысын саяси және экономикалық дүрбелеңдердің зиянды салдарымен күресуге сарп етті. Небәрі 40 жыл ішінде қарқынды дамыған Қытай зор табысқа жетіп, кедейлікті толық еңсерді және сан салалы экономикасы бар, әсіресе, жоғары технологиялар бойынша көш бастаған әлемдік державаға айналды”, – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, мұның бәрі Қытай Коммунистік партиясы мен оның білікті де бірегей жетекшісі, Төраға Си Цзиньпиннің еңбегі.

Бұған дейін, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барған еді. Ол Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысты. Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр.

Айым Болатқызы
Жұма, 17 Шілде, 2026 14:19