Қазақстандық мектептерге жаңа Конституцияны түсіндіретін сабақтар пайда болған

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Бірыңғай "Адал Азамат" білім беру бағдарламасы аясында Қазақстан мектептерінде 11-сынып оқушыларына арналған сабақтар өткізілді. Сабақтар еліміздің барлық аймағында бір уақытта ұйымдастырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сабақтың тақырыбы "Білім беру мемлекеттік саясаттың негізгі құндылығы ретінде: Жаңа Конституцияның басымдықтары" болды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, негізгі мақсат оқушылардың құқықтық сауатын арттыру, жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу екен.
“Сабақтар барысында оқушылар Конституцияның негізгі қағидаларымен танысты. Құқықтық мәдениетті дамытуға және заңға құрметпен қарауға ерекше назар аударылды. Сынып сағаттарын бірыңғай форматта өткізу бүкіл ел бойынша оқушыларға негізгі құқықтық тақырыптар төңірегінде бірігуге мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаңа Конституцияны мектептер мен университеттерде оқыту ұсынылған.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген
