Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы соңғы АН-46 ұшағы 44 жылдық қызметтен кейін "зейнетке" шықты

оооооо
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда Ан-26 әскери-тасымал ұшағының қызметі аяқталды. Ұлттық ұланның авиация құрамында болған бұл әуе кемесі өзінің соңғы рейсін орындап, пайдаланудан шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ан-26 1981 жылы Киев авиациялық зауытында жасалған. Алғашқы он жыл ішінде ұшақ КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шекара әскерлері авиациясы құрамында қызмет еткен. Ол кезде әуе кемесі Қазақ КСР аумағында орналасып, оңтүстік шекараны күзетуге қатысты тапсырмаларды орындаған. Сонымен қатар әскери қызметшілер мен жүктерді тасымалдауға пайдаланылған.

1992 жылдан бастап Ан-26 Қазақстан Ұлттық ұланының авиациясында қызмет етті. Ұшақ осы жылдар ішінде әскери қызметшілерді, жүктерді тасымалдап, түрлі қызметтік тапсырмаларды орындады. Ұзақ уақыт пайдаланылғанына қарамастан, әуе кемесі бірнеше рет жаңғыртылып, ИКАО талаптарына сәйкестендірілген. Соның арқасында ол Қазақстаннан бөлек, жақын шетел мемлекеттеріне де ұша алған.

“Ұлттық ұлан авиациясындағы қызметі барысында Ан-26 8400 сағат ұшты. Ал жалпы алғанда әуе кемесінің қызмет жолы 44 жылға созылды”, – деп жазды Қорғаныс министрлігі.

Осылайша Қазақстандағы Ан-26 ұшақтарының әскери авиациядағы қызмет тарихы аяқталды. 44 жыл ішінде мыңдаған сағат ұшқан әуе кемесі енді әскери тапсырмаларды орындамайды.

 

Ислам Әден
Бейсенбі, 08 Қазан, 2026 10:34