Қазақстанда жеке сот орындаушылары аттестациядан өтуге міндеттелмек

Қабылданған заң аясында қазіргі жеке сот орындаушыларына аттестаттау жүргізу қарастырылған. Аттестаттау кезінде олардың заңнаманы және Кәсіби әдеп кодексін білу деңгейі тексеріледі. Егер жеке сот орындаушысы аттестаттаудан қайта өте алмаса, оның лицензиясы тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзетулерге сәйкес, жеке сот орындаушыларының көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар да күшейтіледі. Соңғы үш жыл ішінде жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған адамдар бұл қызметтерге қабылданбайды.
Сонымен қатар Әділет органдарының жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау өкілеттігі кеңейтіледі. Енді әділет органдары мен жеке сот орындаушылары палаталары сот орындаушыларының арнайы шоттарындағы ақшаға бақылауды күшейтеді. Олар өндірілген қаражаттың қанша екені және оның қайда жұмсалғаны туралы мәлімет сұрата алады.
Заңда атқарушылық құжаттарды негізсіз басқа өңірге беру тәжірибесі де шектеледі. Егер борышкер басқа өңірде жұмыс істесе немесе түзеу мекемесінде отырса, жеке сот орындаушысы істі басқа орындаушыға бермей-ақ, жалақыдан ақша ұстап қалу туралы қаулыны борышкер орналасқан жерге жібере алады.
Сонымен қатар түзетулерде тәркіленген мүлікті электрондық сауда арқылы сату тәртібі жетілдірілген. Егер сауда жеңімпазы төлем жасаудан бас тартса, сатып алу құқығы алдыңғы баға ұсынысын растаған келесі қатысушыға өтеді.
Бұдан бөлек, интернет-платформалар мен платформа жұмысымен қамтуға арналған мобильді қосымшалардың операторлары борышкерлердің табысы туралы мәліметті сот орындаушыларына беруге міндеттеледі.
Айта кетейік, бұған дейін Жеке сот орындаушы олигарх Александр Клебанов пен Сергей Канды алдап соғып, 300 миллионнан астам қаржыны қолды еткені туралы жазған едік.
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Оқыңыз