Қазақстанда зейнетақы реформасының үш нұсқасы қарастырылып жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда зейнетақы реформасының үш моделі талқыланып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қатарда зейнетке шығу шарттарын қайта қарау мәселесі де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр үш моделді түсіндіріп берді.
“Зейнетақы реформасы қазір жұмыс тобы аясында талқыланып жатыр. Үш модельді қарастырып отырмыз. Бірінші модельді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынып отыр, ол “4+1” деп аталады. Қазір жұмыс берушілер әр қызметкері үшін 5% көлемінде міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Ұсыныс бойынша, соның 4%-ы азаматтың жеке зейнетақы шотына түседі. Ал 1%-ы ортақ қорға жіберіледі”, – деді министр.
Оның сөзінше, екінші модель бойынша жұмыс берушілер аударатын міндетті 5% зейнетақы жарнасының барлығы ортақ есепшотқа түседі. Кейін бұл қаражат азаматтар арасында теңдей бөлінеді.
ОқыңызСонымен қатар депутат Нұғыманов 40 жыл еңбек өтілі бар азаматтарға зейнетке ертерек шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұдан бөлек, жұмыс тобында әйелдердің зейнет жасы мәселесі де талқыланып жатыр.
Министрдің айтуынша, әзірге нақты бір модель бойынша түпкілікті шешім қабылданбаған. Еңбек министрлігі маусым айының соңына дейін өз ұстанымдарын айқындап, үкіметке ұсынуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Ертаев биыл билік реформаның нақты тетіктерінен гөрі, оған қатысты негізгі тәсілдерді анықтауы мүмкін екенін айтты. Ал реформаны енгізу мерзімі кейін заңнамалық бастамалар аясында қаралады.
Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға арналған ең төменгі жеткілікті шегін қайта қарау себептерін түсіндіргені туралы жазған едік.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады