Қазақстанда темекі тағы қымбаттады

Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті. Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыздан бастап 20 тал темекіден тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа баға 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Бұған дейін, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 970 теңге болған.
Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап баға тағы өсіп, 1120 теңгеге жетеді.
Белгіленген баға сүзгісі бар және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне де қатысты.
Айта кетейік, Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бағасын көтеру салық және баға саясатын жүйелі жүргізу үшін қажет екенін түсіндірген еді. Сондай-ақ бұл шара темекі тұтынуды азайтып, бюджет түсімін көбейтуге және көлеңкелі нарықтың үлесін қысқартуға ықпал етеді деп күтіледі.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді
Оқыңыз