Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды

Қазақстанның қай қаласында неке ең көп тіркелетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Неке қию саны бойынша Алматы көш бастап тұр. 2026 жылдың басынан бері қалада 4 600 жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сүйенсек, Алматыда күн сайын шамамен 70 жұп некеге тұрады. Орта есеппен әйелдер 29 жасында тұрмысқа шықса, ерлер 32 жасында үйленеді.
Биылғы ең жасы үлкен күйеу жігіт – 92 жастағы зейнеткер. Ал ең жас жұп небәрі 16 жаста болған.
Алайда неке саны жоғары болғанымен, ажырасу көрсеткіші де аз емес. Жыл басынан бері қалада 934 жұптың некесі бұзылған. Орта есеппен ер адамдар 39 жасында, ал әйелдер 37 жасында ажырасу туралы шешім қабылдайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда заңсыз неке қиятын имамдарды 8 жылға дейін соттау ұсынылғаны туралы жазған едік.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
Оқыңыз