Әблязовпен байланысы болуы мүмкін бельгиялық бизнесменге іздеу жарияланды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстанда мұнай бизнесімен айналысқан 61 жастағы бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат бүгін, 2026 жылғы 22 мамырда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпараттан белгілі болды.
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Фрэнк Джозеф Монстрей 1965 жылғы 22 сәуірде туған, шетел азаматы.
“Іздеуде жүргеніне 2 күн болды... 2026 жылғы 20 мамырдағы іздестіру ісі “Астана” өңірінде тіркелген. Бастамашы – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Іздеуді жүргізіп жатқан орган – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі”, – делінген порталда жарияланған ақпаратта.

ОқыңызАшық дереккөздердегі мәліметке сәйкес, Фрэнк Монстрей – кәсіпкер, Бельгиядағы ең ықпалды инвесторлардың бірі әрі бұрынғы мұнай магнаты. 2004 жылы ол Nostrum Oil & Gas мұнай компаниясын сатып алған. Бұрын Zhaikmunai деп аталған бұл тәуелсіз халықаралық мұнай-газ компаниясының штаб-пәтері Ұлыбританияда орналасқан және Қазақстанның солтүстік-батысында көмірсутектерді барлау, игеру және өндірумен айналысады.
2011 жылы Монстрей компанияны Лондон қор биржасына шығарды, ал 2017 жылы барлық акциясын сатып жіберді.
Бірқатар жарияланымда Фрэнк Монстрейдің есімі қашқын қылмыскер Мұхтар Әблязовпен ықтимал байланысы және Nostrum Oil & Gas мұнай-газ компаниясының активтеріне қатысты даулар аясында аталған.
Kiar.center мәліметінше, 2017 жылы Лондонның Жоғарғы соты БТА банкінің Әблязов пен басқа да жауапкерлерге қарсы ісі аясында Монстреймен байланысты компаниялардың акцияларымен жүргізілетін операцияларға шектеу қойған. Кейін, 2017 жылғы маусымда, тараптар Nostrum акциялар пакеті бойынша келісімге келіп, Монстреймен байланысты құрылым компаниядағы үлесінің бір бөлігінен шыққан.
Тағы не белгілі?
2018 жылы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) тергеуінде журналистер құжаттар арқылы 440 миллион доллар көлеміндегі ірі ақша ағындарын анықтағаны айтылған. Олардың нұсқасы бойынша, бұл қаражат Фрэнк Монстрей бақылаған немесе онымен үлестес компаниялармен байланысты болған.
Тергеу дерегінше, бұл қаражат 2011–2012 жылдары офшорлық құрылымдар арқылы өткен. Кейін ол БТА банкі мен Мұхтар Әблязов ісіне қатысты күрделі қаржылық тізбектің бір бөлігіне айналған.
Британ соты Nostrum Oil & Gas-тағы үлесіне байланысты активтердің бір бөлігін бұғаттағаннан кейін, Монстрей көп ұзамай компания төрағасы қызметінен кеткен. Кейін ол бизнестен шығу және акцияларды БТА банкіне сату туралы келісім жасасқан.
Алайда Монстрейдің өзі журналистерге Әблязовтың сенімді адамы болмағанын айтқан. Оның сөзінше, әңгіме Қазақстандағы бұрынғы бизнес-қатынастар аясында пайда болған қарызды қайтару туралы болған. Ол өзін тараптар арасындағы дауға еріксіз тартылған адам ретінде сипаттаған.
Қазақстанда ислам ипотекасы қашан іске қосылады және ол қалай жұмыс істейді